2017 жылы шетелдік инвестиция 15 млрд доллардан асты

шетелдік
Фото: Альтернативные инвестиции

Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстан алғаш рет 2017 жылдың тоғыз айы ішінде 15 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартты.

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов хабарлағандай, бұл көрсеткіш 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға жоғары.

«Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің тікелей шетелдік инвестициялары 40,8 пайызға артып, 935,1 млн долларға жетті. Сондай-ақ, жалпы көлемнің 5,9 пайызын құрады. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ аумағында бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасағанымыздың көрсеткіші», — деді министр.