2018 жылы Қазақстанда 56 қазандық жөнделеді

56
Фото: citifox.ru
Алматы. 26-қаңтар. 7kun.kz — 2018 жылғы күзгі-қысқы кезең штаттық тәртіпте жұмыс істеп келеді. Елдің барлық өңірлерінде тұтыныушылар толық көлемде электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етілген. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.
2018 жылдың басынан бері Республикада 7,9 млрд кВтс электр энергиясы өндірілді. 2017 жылғы деңгейден 11 пайызға көп және 7,5 млрд кВтс электр энергиясы тұтынылды.
Осы жылыту маусымында максималды жүктеме 14 500 МВт деңгейінде жоспарланып отыр. 2018 жылдың 25 қаңтарында максималды жүктеме 14 344 МВт-ты құрады.

 

Энергетикалық көздердің отын қоймаларында 3,5 млн тонна көмір бар. Бұл 2017 жылғы деңгейден 7 пайызға жоғары және 104,5 мың тонна мазут жиналды. Тұтастай алғанда қордың нормалары сақталды.

Өткен жылыту маусымымен салыстырғанда, электр станцияларының температуралық кестесіне сәйкес, келмейтін фактілер саны 4 есе азайды. Болған жылытпау жағдайлары көбіне жылу желілерінің төмен температураның белгілеуіне байланысты.

2018-2019 жылдары күзгі-қысқы кезеңге дайындалу үшін электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеуі бекітілген кестеге сәйкес 8 энергоблоктың, 56 қазанның, 47 турбинаның жөндеуі жоспарланған. 8 қаңтардан бастап «АлЭС» АҚ-ның Қапшағай СЭС №3 турбинасында жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Жылыту маусымының өтуі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында.