2018 жылы Қазақстандағы шағын несие нарығы 40% өседі

Фото: Be in business

Алматы. 9 шілде. 7kun.kz – Қазақстандық шағын несие беру ұйымдары берген кредиттер көлемі 2018 жылы 40% өседі. Мұндай болжамды KMF компаниясы мен Қазақстан ШНҰ қауымдастығының басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов Интерфакс агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша 1 тоқсанда шағын несие ұйымдары 61 млрд теңгеден астам шағын несие берген, бұл 2017 жылдың 1 тоқсанындағы көрсеткіштен 41%  жоғары.  Сондай-ақ, Қазақстандағы бөлшек кредиттердің  5% құрады.

Сондай-ақ, шағын кредиттердің көлемі де өскен. 2017 жылдың І тоқсанында 122 мың шағын кредит, 2018 жылдың І тоқсанында 174 мың шағын кредит берілген.  Айта кетейік, 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы берілген шағын несие көлемі 61% өсіп, 228 млрд  теңгені құраған.

Шалқар Жүсіповтың айтуынша шағын несиенің өсуіне банк секторындағы дағдарыстың созылуы себеп. Шағын бизнес пен тұрғындардың қажеттілігін ШНҰ мен онлайн несиелендіру басты.