2019 жылдың І тоқсанында негізгі капиталға инвестиция 2,1 трлн теңгені құрады

капиталға
Фото: obozrevatel.com

Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – Ағымдағы жылдың үш айында негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,1 трлн теңгені (бір жылда+11,1%) құрады, — деп хабарлайды Ranking.kz.

Бұл ҚР тарихында тиісті кезең үшін рекордтық мән. Инвестициялық белсенділіктің маңызды факторы сыртқы инвестициялардың тартылу үлесі болып табылады. Бірінші тоқсанда негізгі капиталға сыртқы инвестициялар көлемі 770,5 млрд теңгеге жетті (бір жыл бұрын — 601,6 млрд теңге), үлес салмағы — 36,2%.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев экономика өсуінің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету жөнінде міндет қойды, бұл орта мерзімді кезеңде негізгі капиталға инвестициялар көлемін ЖІӨ-нің 30% деңгейіне дейін арттыруды талап етеді, негізгі драйвер тікелей шетелдік инвестициялар болуы тиіс. 2018 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар ЖІӨ-нің 18,9%-ын құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 2018 жылы 24,3 млрд долларды құрап, 15,8%-ға өсті.

2019 жылғы 25 ақпанда құрылған жаңа Қазақстан үкіметі ұлттық экономикаға шетел инвестицияларын тартудың тиімділігін арттыруға бағытталған белсенді жұмысын бастады. Жаңа үкіметтің екі айлық жұмысында Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін дамытудағы негізгі оқиғалар:

АХҚО-ны өңірлік инвестхабқа айналдыру;

үйлестіру кеңесін құру;

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясының қаржылық орталығына бақылауды беру;

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Маминді инвесторлармен үйлестіру және тиімді өзара әрекеттесу, сондай-ақ ағымдағы мәселелерді шешу үшін инвестициялық омбудсмен ретінде тағайындау.