Алматы. 12 мамыр. 7kun.kz – Қазіргі бағаның өсуі мен түрлі тәуекелдерді ескере отырып, жыл соңына дейін жоғары инфляция сақталады, деп хабарлайды 7kun.kz Ұлттық банк мәліметіне сілтеме жасап.
"Қазақстандағы инфляция біздің болжамымызға сәйкес, осы жылдың сәуір айында барлық компоненттер бойынша бағаның өсуі әсерінен наурыз айындағы 12%-дан 13,2%-ға дейін өсті. Азық-түлік бағасының жылдық өсуі 15,4%-дан 17,9%-ға дейін жеделдеді. Азық-түлік бағасының жылдық өсуіне қант, қырыққабат, күнбағыс майы қатты әсер етті", - деп мәлімдеді Үкімет отырысында Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов.
Сыртқы инфляциялық фон азық-түліктен басқа тауарлардың бағасына жоғары қысым көрсетуді жалғастырып жатыр. Олардың өсуі 10,9%-дан 11,1%-ға дейін жеделдеді. Ақылы қызметтердің бағасы 8,3%-дан 8,9%-ға дейін көтерілді. Бұл нарықтағы өзге де қызметтердің бағасына әсер етті.
"Қазіргі проинфляциялық тәуекелдерді ескере отырып, жыл соңына дейін инфляция жоғары деңгейде сақталады", - дейді Пірматов.
Тэги:
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





