Е. Досаев: Бензин бағасының өсуіне себеп жоқ

615

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев бензин бағасының өсуіне ешқандай себеп жоқ деп есептейді. Бұл туралы ол мәжілістегі 2015 жылға арналған бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы отырыста мәлімдеді. 

Депутаттың отын акциздері артқаннан кейін бензин бағасы өседі ме деген сұрағына, экономика министрі, оған ешқандай себеп жоқ екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда нарықта мұнай өнімдеріне деген ешқандай тапшылық жоқ. Баланс бар»,- деді ол. Сонымен қатар, Е.Досаев ұлттық валютаның әлсіреуі отын бағасына әсер етпегенін де айта кетті.

«Теңге курсы 307-ге өзгерсе де, жағар-жанармай бекеттерінде баға өзгерген жоқ. Нарықтағы компаниялар арасында бәсекелестік дамиды деп сенемін. Ел ішіндегі жанармай мәселесін 2016 жылдың қаңтар айынан кейін шешеміз деп үміттенеміз»,- деді министр.

Фото: tengrinews.kz