Әнуар Сәйденов Алматы әуежайының тәуелсіз директоры болып тағайындалды

634

Алматы халықаралық әуежайы директорлар кеңесінің құрамында бірқатар өзгерістер болды. Бұл туралы KASE қор биржасының баспасөз қызметі хабарлады. 

«Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып бір жыл мерзімге
Сәйденов Әнуар Ғалимуллаұлы сайланды»,- делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін (2004-2009 жылдары аралығында) Әнуар Сәйденов Ұлттық банк төрағасы, 2009-2011 жылдары аралығында БТА банкінің басқарма төрағасы қызметін атқарды. Ал 2014 жылдың 14 мамырынан бастап директорлар кеңесінің  шешімімен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған болатын.

Сонымен қатар, директорлар кеңесінің құрамына Дияр Қанашев пен Айбол Бекмұханбетов кірді.

Фото:centrasia.ru