Екібастұзда жыл сайын 7 миллион голланд раушандарын өсіретін жылыжай ашылады

Екібастұзда (Павладар облысы, солтүстік Қазақстан) жыл сайын 7 миллион голланд раушандарын өсіретін болады деп мәлімдеді Павлодар облысының әкімі  Қанат Бозымбаев.

«Бірнеше күннен кейін голланд раушандарын өсіретін жылыжай ресми түрде ашылады. Бес гектарда жылына 7 миллион дана гүл өсетін болады. Жылыжай Екібастұз МАЭС-2 қасында орналасқан, қоршаған ортаға жіберілетін барлық артық жылу энергиясы  ендігі жерде осы жылыжайда пайдаланылатын болады және үлкен пайдаға жұмсалады», — деді Қ.Бозымбаев сейсенбіде Астана қалассында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, алғашқы гүлдер шамамен бір аптадан соң кесіп алынады.

«Барлық журналистерді қатал Екібастұз қаласына гүл жылыжайы секілді жағымды нысанның ашылуына шақырамын», — деп қосты әкім.
Фото: yvision.kz