Қырғызстанда бензин 10%-ға арзандады

Қырғызстанда бензин бағасы 10%-ға арзандады. Бағаның бұлай арзандауын мемлекеттің Мұнай саудагерлері ассоцияциясы әлемдік нарықтағы мұнай құнының арзандауымен түсіндіріп отыр, деп хабарлайды МИР 24.

«Қазіргі уақытта тұтынушылар үшін жанармай нарығында қалыпты жағдай сақталуда. Соңғы 5 жылмен (2011 жыл) салыстырғанда жанар-жағармай бағасының үш ай ішінде 10%-ға арзандауы ең төменгі деңгей болды», — деді Қырғызстанның мұнай саудагерлері ассоцияциясының басшысы  Медетбек Керимкулов.

Ассоциация басшысының сөзінше, ақпан ең төменгі бағалар айы және алдағы уақытта бензин бағасы тұрақтылығын сақтайды.

Фото: alau.kz