6 қазан: ресми валюта курсы

Фото:newskaz.ru

Алматы. 6 қазан. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі сәрсенбі күні 6 қазанға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.

АҚШ доллары — 332,75 теңге, 1 еуро — 373,25 теңге, Ресей рублі — 5,33 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 423,19 теңге, жапон йені— 3,23 теңге, 1 қытай юаньы — 49,90 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,90 теңге, 100 өзбек сумы— 10,93 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.

АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 6 қазандағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 332,75 теңге деңгейінде нақтыланды.

Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.