6 млн биткоин жоғалды

биткоин
Фото: ferra.ru

Алматы. 6 шілде. 7kun.kz –  «Болжамды бағалаулар бойынша 4 млн биткоин түбегейлі жоғалды, ал 2 млн пайдаланушылардың есепшоттарынан ұрланды»,- деді CasaHODL-ды жасаушы және BitGo электронды әмиянының бұрынғы жетекші инженері Джеймсон Лопп, деп хабарлайды РБК.

Джеймсон Лопп 3-4 шілдеде Лиссабонда өткен Building-on-Bitcoin конференциясында сөз сөйледі деп жазады CCN. Айналымдағы биткоиндардың толық көлемін қалыпқа келтіру үшін хардфорк жүргізілмейді, демек 21 млн монетадан тұратын жалпы эмиссияның 28,5% биткоиндары толықтай жоғалды деген сөз. Қазіргі сәтте 17 млн астам биткоин айналымға шыққанына қарамастан, ВТС ең көп мөшері 15 млн-нан аспайды.

Маусымның басында Chainalysis талдау компаниясы әртүрлі себептерге байланысты 3,8 млн монета қолданыста жарамсыз екенін хабарлаған болатын. Компанияның аға экономисті Ким Грайнердің пікірі бойынша, қазірге кезде криптовалюта саудасы алып-сатарлық сипатқа енді, сондықтан да жоғалған биткоиндар санының олардың құнына әсері жайлы тұжырым жасау қиынға соғады.

«Бір жағынан, нарықтық капиталдандыруды тікелей есептеуде жоғалған монеталар ескерілмейді. Алайда аталған саладағы алып-сатарлық деңгейінің жоғары екенін ескерсек, нарықтық капиталдандыруды есептеулер өзгерген кезде, айналымдағы биткоиндар жетіспеушілігін ескеретін жаңа экономикалық модель пайда болуы мүмкін. Нарық іс жүзіндегі сұраныс пен ұсынысқа қарай бейімделеді, бұл биржаларда орын алып жатқан жағдайлардан айқын байқалады. Оған қоса, валюта бағамына әсер ету мақсатында фиат қорларын арттыру немесе төмендету мақсатында жүргізілетін ақша-несиелік саясат та баршамызға белгілі. Осы себепті де мен «ия» деп те, «жоқ» деп те жауап бере аламын, — деп түсіндіріп өтті Ким Грайер.