Екі банктегі кредитімді бір банктен төлейтіндей ете аламын ба?

кредитімді
Көркем сурет интернет беттерінен алынды.

Бір кредитім төлеу мерзімі өтіп кеткен, «А» банкіндегі кредитімді «В» банкіне аударуға болады ма? Барлығын бір жерден төлейтіндей етсем деп едім.

Әлеуметтік желі арқылы жолданды

Бекмұратова Қаблике Қаблике, қайырлы күн! Бір банктегі кредитіңізді басқа банкке аудару кейбір банктерде ғана кездеседі. Бірақ, жоғарыдағы екі банкте мұндай шарт қарастырылмаған. Яғни, Сіз аудара алмайсыз. Өкінішке қарай бір жерден төлей алмайсыз.

Басқа да түсінбеген сұрақтарыңызбен жұмыс күндері осы телефон арқылы хабарласа аласыз: 8 708 164 71 22


Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 700 973 8377 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.