Сбербанк саяхаттауды жеңілдететін карта шығарды

Сбербанк
Көркем сурет интернет беттерінен алынды.

Алматы. 5 сәуір. 7kun.kz — Сбербанк пен  One Two Trip компаниясы бірігіп жаңа кобрендинг карта шығарды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Карта арқылы кез келген затты сатып алғаныңыз үшін бонустар аласыз. Ал бонусты арнайы sberbank.onetwotrip.kz. порталы арқылы әуе билеттерін сатып алуға және қонақ үйге брон жасауға пайдануға болады.

«Сбербанк» АҚ ЕБ жеке бизнес бойынша төрағасының орынбасары Алексей Акимовтың айтуынша, аталмыш банк пен OneTwoTrip компаниясының жаңа кобрендингтік картасы клиенттерге travel-бонустар бойынша ыңғайлы шарттар ұсынып отыр.

«Карта иелері оны белсенді түрде пайдаланған сайын көбірек пайда табады. 1 бонус — 1 теңге деп есептеледі», — дейді OneTwoTrip компаниясының директоры Вадим Куделко.

Банк таратқан хабарламада «клиенттер транзакция сумасының 2 пайызын бонус түрінде ала алады. Сонымен бірге, sberbank.onetwotrip.kz саяхат порталында әуе билеттерін сатып алғаны үшін — 4%, қонақ үйге төлегені үшін — 6% кэшбек алады.

Жиналған баллға sberbank.onetwotrip.kz сайтындағы 800 әуе компаниясының билеттері мен 1 миллион отелдің бөлмесін жалға алуға болады.

Бұл карта арқылы клиенттер ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа елдері мен Түркиядағы банкоматтарынан қолма-қол ақша шеше алады.

OneTwoTrip — туризм нарығындағы саяхатқа арналған онлайн-сервис.