Қазақстанның банк саласы бірігуге дайындалып жатыр

топтастыруға
Фото: liter.kz

Алматы. 14 сәуір. 7kun.kz — Қазақстанның банк саласы «топтасуға» дайындалып жатыр. Қазақстанда банк секторының шоғырлану процесі тез жүзеге асты. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

2016 жылдың соңы мен 2017 жылдың басында нарықтағы 33 банктің алтауы бірігетіндігі туралы мәлімдеді. Олардың ең ірі екеуі біріккен соң нарықтың 51 пайызын бақылайтын болады.

Қазком мен Халық банк – Қазақстандағы ірі банктер, активтер көлемі бойынша олар 1 және 2 орынға ие. Ақпанның соңында Қазком активтері 4,7 трлн теңгені, ал Халық банк активтері – 4,6 трлн теңгені құраған.

Бұл банктер біріккеннен кейін олардың активтерінің жалпы көлемі шамамен 9,3 трлн теңгені құрайды. Бұл басқа банктер бәсекелестікке түсе алмайды деген сөз. ҚР екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) жалпы активтеріндегі үлесі 37,4 пайызды құрайды. Қарыз портфелі – 38,4 пайыз болып, салым көлемі 35,7 пайызға жетеді.

Цеснабанк пен ЦентрКредит Банкі (ЦКБ) ЕДБ активтер көлемі бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Цеснабанк үшінші орында тұр. Актив көлемі 2,1 трлн теңге, БЦК алтыншы орында, актив көлемі – 1,3 трлн теңге. Олар қосылғаннан кейін жалпы активтерінің мөлшері 3,4 трлн теңгеге жетеді. Бұл көрсеткіш арқылы Қазком мен Халық банктен кейінгі екінші орынға тұрақтайды. Ал ЕДБ үлесі 13,5 пайыз болады, кредиттер көлемі 16,3 пайызды және салым 15,1 пайызды көрсетеді.

Capital Bank мен Tengri Bank активтер портфелі бойынша, 24 және 26 орындарда тұр. Capital Bank портфелі ақпанның соңында 91,1 млрд теңгеге бағаланған. ЕДБ үлесі – 0,4 пайыз, Tengri Bank активтері 65,1 млрд теңге, үлесі – 0,3 пайыз. Capital мен Tengri банктер біріккеннен кейін нарықтағы үлесі 0,6 пайызды құрап, активтерінің жалпы көлемі 156,3 млрд теңгеге жетеді. Қарыз портфелі 0,8 пайызға өсіп, салым көлемі 0,5 пайыз болады.

Еске салсақ, 2017 жылдың наурызында Халық банк пен Қазкоммербанк бірігу туралы меморандумға қол қойған. Біріккен қаржы институты Қазақстандағы ірі банктердің біріне айналады. Оларға барлық банк саласындағы активтердің үштен бірі тиесілі болады.

Ал 2017 жылы 1 ақпанда Цеснабанк пен ЦКБ ортақ баспасөз хабарламасын жасады. Онда екі банктің бірігуі туралы және ұлттық банктің Цеснабанкке БЦК үлесін сатып алуға рұқсат еткендігі жазылған. Бұл банктің нарықтағы жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, Capital Bank пен Tengri Bank 2017 жылдың наурызында бірігу туралы келісім жасаған.