Астана. 18 сәуір. 7kun.kz - 1 тоқсанда мұнай мен газды өндіру, өңдеу артығымен орындалды. Бұл туралы бүгін Астанадағы үкімет отырысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты.
Бозымбаев 2017 жылдың 1 тоқсанында мұнай мен газды өндіру көлемі 21,2 млн тоннаны құрағанын айтты. Бұл былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,2% және биылғы жылдың 1 тоқсан жоспарынан 3,5%-ға көп.
3,6 млн тонна мұнай мен газ конденсаты өңделді. Бұл 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26% көп. "Жалпы алғанда нарықта тапшылық жоқ. Ішкі нарық сұранысына қажетті көлем бар. Жағдай тұрақты", - деді Қанат Бозымбаев.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





