Алматыда Samsung Galaxy S8/S8+ таныстырылымы өтті

Galaxy
Фото: yvision.kz

Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz — 2017 жылдың 6 мамырында Алматы Аренада Samsung Galaxy S8/S8+ презентациясы өтті.

Салтанатты кешті Samsung Electronics Central Eurasia президенті Бен Юн ашты. Фестивальде жаңа флагман таныстырылды. Сонымен қатар, келушілер арасында ұтыс ойындары ойнатылып, 8 кеш қонағы жаңа смартфон ұтып алды. Ал арнайы шақырылғандар жаңа флагманның ерекшеліктерін өздері тексеріп көру мүмкіндігіне ие болды.

Фото: yvision.kz

Кеш танымал ресейлік әртістер – Егор Крид пен IOWA тобы, сондай-ақ қазақстандық музыканттар – Ғалымжан Молданазар және Ninety One тобының концертімен жалғасты.

Фото: yvision.kz

Жаңа флагманның диагоналі 5,8 дюйм, ал S8+ моделінікі 6,2 дюймді құрайды. Дисплейі иілген, «шексіз». Компанияның айтуынша, ұсынылған гаджеттер Galaxy смартфондар сериясында ең үлкенге экранға ие. Жаңа смартфондар 5 түрлі түсті нұсқада шығарылды.

Фото: yvision.kz

Алдыңғы панельде батырмалар алынып тасталғандықтан, навигациялар енді виртуалды клавиатура арқылы жүзеге асады.

Саусақ ізін анықтайтын сканер артқы панельге ауыстырылған. Ал гаджетті бұғаттан шығару үшін көздің сыртқы қабығы сканерленеді.  Арнайы сканер құрылғының жоғары жағында орналасқан.

Сонымен қатар, Galaxy S8 бен Galaxy S8+ дисплейі Gorilla Glass 5 қорғаныс әйнегімен жабдықталан.

Фото: yvision.kz

Екі нұсқада да негізгі камера 12 мегапиксельді, ал фронтальды камера 8 мегапиксель. Ол интелектуалды автофокус функциясы мен Dual Pixel технологиясын қолдайды.

Смартфондар Samsung Exynos 8895 немесе Qualcomm Snapdragon 835 процессорымен жабдықталған екі түрлі нұсқада ұсынылады.

Флагманның оперативті жады 4 ГБ, ал орнатылған жады 64 ГБ. Қосымша microSD-картасын да салуға болады.

Galaxy S8 бен S8+ аккумуляторының сыйымдылығы 3000 мА/ч және 3500 мА/ч құрайды. Одан бөлек, құрылғы су мен шаңнан IP68 стандартында қорғайды.

Сонымен қатар, компания DeX док-станциясын ұсынды. Ол смартфонды компьютер түрінде қолдануға мүмкіндік береді. Бұл аксессуар арқылы мобильді құрылғыға клавиатура, монитор және тінтуір жалғанады.

Samsung Galaxy S8 және Galaxy S8+ смартфондары 2017 жылдың 5 мамырынан бастап жаппай сатылымға шығарылды.