Алматыдағы Орталық мешітте садақа қабылдайтын терминал орнатылды

Алматыдағы Орталық мешітте садақа қабылдайтын терминал орнатылды

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz — Алматыдағы Орталық мешітке келушілер өздерінің қайырымдылық төлемдерін (пітір, садақа және т.б) электронды  терминал арқылы бере  алады, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Ондағы басты  мақсат — түсетін қаржылардың ашықтығын қамтамасыз ету», — делінген хабарламада.

«Бүгінгі күні Бес институционалды  реформаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар қоғам алдында барынша ашық болуда және есеп беруде. Алматыда ауруханалар, мектептер, балалар бақшалары, ПИК-тер өздерінің  қаржылық есептерін жариялап, қалалықтар сеніміне ие  болуда, міне, енді  Алматы мешіті де алғашқылардың бірі болып осы жолмен жүре бастады», —  деп атап өтті мегаполис әкімі Бауыржан Байбек.

Орталық мешіттің Бас имамы Нұрбек Есмағанбетова бұл технологияның пилотты режимде қолданылатынын айтты.

Бұрынғысынша қайырымдылық мақсатта беретін садақаңызды ашық урналарға да сала алсыз. Ай сайынғы жиналған қаржының жалпы сомасы мешіттің сайтында жаряиланады.