Ашық есік күнінде 400-ден астам кеңес берілді — «Даму» қоры

Ашық есік күнінде 400-ден астам кеңес берілді -

Алматы. 9 маусым. 7kun.kz — Бүгін «Даму» Қорының Алматы филиалы «Ашық есік күнін» өткізді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Бұл күні Алматы филиалының директоры Алмат Нұрахметов пен Қор мамандары күні бойы клиенттерді қабылдап, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлері жайлы тікелей кеңес берді. Ашық есік күнін өткізудегі мақсат – Алматы қаласы бойынша қолданыстағы «Алматы-Өнім, «Алматы-Инновация», «Жібек жолы» және «Алматы-туризм» секілді бағдарламаларды жұртшылыққа кеңенен насихаттау және қаржы құрылымдары мен әкімшілік, мемлекеттік орган өкілдерінен кәсіпкерлердің барлық сауалдарына тіркелей жауап алуды қамтамасыз ету.

Шараға 150-ден астам адам келіп, 400-ге тарта кеңес берілді. Кездесуге банк өкілдері де шақырылған. Олар кәсіпкерлерге бизнес үшін несие алу талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар, кеңес берушілер қатарында Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), прокуратура, Алматы қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері мен әкімшілік қызметкерлері де бар. Келушілерді негізінен франшиза сатып алу, аймақтық бизнесті қаржыландыру бағдарламалары, жаңадан іс бастау – стартап жобаларды қаржыландыру, ЖК мен ЖШС тіркеу, несиеге кепілдеме беруді қарастыру мерзімі мен несие пайызын субсидиялау тәртіптері секілді сұрақтар қызықтырды. Сондай-ақ аулада «Даму» Қорының қолдауын алған отандық өндірушілердің көрме-жәрмеңкесі де өтті.

2012 жылдан бастап 2017 жылдың маусым айы арасында Алматы қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында  шамамен 24 848 мың қызмет көрсетіліп, 19213 адам кеңес алған. Ал 2017 жылдың 5 айы ішінде (қаңтар мен маусым айы арасында) Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Жылжымалы түрде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орындары 3 мыңнан астам қызмет түрін көрсеткен.

Анықтама: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ  – бұл Ұлттық даму институты, 100% акциясы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ тиесілі. «Даму» Қорының міндеті – ШОК сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына  қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету.