Facebook желісін пайдаланушылардың саны 2 миллиардқа жетті

кірісі
Фото: Daily Sabah

Алматы. 28маусым. 7kun.kz — Facebook әлеуметтік желісін қолданушылардың саны 2 млрд адамға жетті, деп жазды Facebook-тің негізін қалаған Марк Цукерберг өзінің желідегі парақшасында.

«Бүгін таңертең Facebook қауымы ресми түрде 2 млрд адамға жетті. Біз әлемді біріктіру арқылы жетістікке жетеміз. Бұл сапар барысында сіздермен бірге болу мен үшін үлкен құрмет», — деп жазды ол.

Бұған дейін Wall Street Journal Facebook аптасына бір рет шоу форматында 30 минуттық роликтер, бағдарламалар немесе сериалдар көрсетуді жоспарлауда деп хабарлаған еді. Тақырыптар жаңалықтар емес, негізінен спорт, ғылым, поп-мәдениет, өмір стилі, видео ойынды қамтиды. Бір видеоны шығаруға Facebook 500 мың доллар бөлуді жоспарлауда.