Delta bank Қазақстанның жеті қаласындағы бөлімшесін жапты

Delta bank
Фото: Kursiv.kz

Алматы. 30 маусым. 7kun.kz — «Delta Bank» АҚ жеті қаладағы бөлімшесін жабатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.

Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Петропавл қалаларындағы банк бөлімшелері есептік тіркеуден шығарылды.

Бұрын хабарланғандай, ҚР Ұлттық банкі «Delta Bank» АҚ-ның жеке және заңды тұлғалардан депозит қабылдауға, жеке және заңды тұлғаларға банк шотын ашу үшін лицензиясын тоқтатқан еді.

Банк 1993 жылдың 1 қыркүйек күні Ақтау қаласында Батыс Қазақстан ірі мұнай-газ компанияларының бастамасымен құрылған болатын.