Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ірі энергетикалық компаниялар газға 7 млрд теңге қарыз

Ірі энергетикалық компаниялар газға 7 млрд теңге қарыз

Алматы. 26-қаңтар. 7kun.kz — Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов елімізде шығарылатын газбен жұмыс істейтін ірі энергетикалық компаниялар «ҚазТрансГаз» АҚ-ға 7 млрд теңге берешек екенін айтты, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

«Газбен жұмыс істейтін «МАЭК ҚазАтомПром», «Алматы жылукоммунқуат», «Жайықжылуқуат» компаниялары «ҚазТрансГаз» АҚ-ға 7 млрд теңге қарыз. Нақтырақ айтсақ, «МАЭК ҚазАтомПром» кәсіпорны газға 3,5 млрд теңге, «Алматы жылукоммунқуат» мекемесі 1,5 млрд теңге, Орал қаласындағы «Жайықжылуқуат» АҚ 800 млн теңге берешек. Мен тек ірі қарызы бар үлкен компанияларды айтып отырмын. Бірақ әрбір мекеме «ҚазТрансАймақ» АҚ-мен қарыздарын жабу жөніндегі қосымша кестелері бар. Сондықтан олардың жұмыс істеуіне шектеу қойылған жоқ», - деді комитет төрағасы брифингте.

Похожие материалы