Ресей императорының Rolls-Royce-ы сатылымға шығарды

197
Ресей
Фото: /kolesa.kz

Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz — Германияда Николай II-ге тиеселі Rolls-Royce сатылымға шықты. Сатушылар оған $4.9 млн сұрап отыр. Бұл кейін ресейлік порталдардың біріне де жарияланды.

Автор 1914 жылы шыққан Rolls-Royce Silver Ghost (40/50 hp) көлігін 278 млн рубль немесе 4.9 млн долларға сатқысы келетінін жазған. Көліктің шанағын француздық Kellner et ses fils ательесі арнайы тапсырыспен жасаған. Көлемі 7.4 литрлік, қуаты 50 ат күшіне тең двигательмен жабдықталған. Салмағы 2 тонналық автокөлік 100 шақырымға 17,5 литр бензин мен 1 литр май шығындайды. Николай ІІ қайтыс болғаннан кейін автокөлік Біріккен Құрама Штаттарға жіберілген. Кейін Лас-вегастағы казинолардың бірінде көрнекілік үшін қойылып келген. Одан кейін Германияға жіберіліп, бункерде жасырылған.