Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz — 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 168,9 млрд АҚШ долларын құрады. Сыртқы борыштың ІЖӨ-ге қатынасы кезең үшін 3,5 пайызға жақсарып, 108,9 пайыз болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.
Оның құрылымында 62 пайыз фирмааралық берешекке, 26 пайыз - «Басқа секторлардың» байланысты емес кредиторлар алдындағы сыртқы борышына, 8 пайыз - мемлекеттік сыртқы борышқа (Үкімет пен Ұлттық Банк), 4 пайыз - «Банктер» секторының (ЕДБ және «Қазақстанның Даму банкі» АҚ) сыртқы міндеттемелеріне тиесілі.
2017 жылғы 3-тоқсанда елдің сыртқы борышы 1,0 млрд АҚШ долларына, негізінен:
- «КазТрансГаз» АҚ-тың еурооблигациялардың 10 жылдық шығарылымын 750 млн АҚШ долларына тең жалпы номиналдық көлеммен орналастыру;
- резиденттердің коммерциялық кредиттер бойынша берешегін ұлғайту (+204,8 млн АҚШ доллар);
- еурооблигациялардың қолданыстағы шығарылымдары бойынша купондық сыйақы есептеу (+185,7 млн АҚШ доллар) есебінен өсті.
Мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 26,4 млрд АҚШ долларын құрады (2017 жылғы 3-тоқсанда 1,2 млрд АҚШ долларына ұлғаю).
Анықтама үшін:
Фирмааралық берешек тікелей инвесторлар, еншілес және тел кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерді білдіреді және 2017 жылғы 3-тоқсанның соңында 64 пайызға Қазақстан аумағында ірі мұнай-газ жобаларын іске асыратын шетелдік компаниялар филиалдарының сыртқы борышынан тұрады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024