Ғалымдар жасанды интелекттің адекваттығын тексерді

жасанды
Фото: delo.ua

Алматы. 16 наурыз. 7kun.kz — Пол Аллен институтының ғалымдары AI2 Reasoning Challenge (ARC) деп аталатын тест әзірледі. Бұл тест көмегімен жасанды интеллект қоршаған әлемдегі құбылыстарды қаншалықты түсінетінін тексеруге болады, деп хабарлады delo.ua.

Тест мектептің бастауыш сынып деңгейінде әзірленген. Сондықтан тестке бастауыш сынып деңгейіндегі сұрақтар енгізілді.

Егер бұл тесттен жақсы нәтиже көрсетілсе, жүйенің дұрыс ойлай білетіндігін білдіреді. Дегенмен, тестті бірде-бір жасанды иетеллект сәтті тапсырмаған.

ARC жетекші ғалымы Питер Кларктың ойынша, адам дұрыс ойлай білу қабілетіне ие және ол оны қоршаған ортадағы жағдайларды түсінуге қолданады. Адам сөз тіркестерінің көзге көрінбейтін мағынасын көреді, сондықтан мәтінді толық түсіне алады. Ал машиналарда дұрыс ойлау қабілеті жоқ. Сол себепті олар көз алдында қандай жазу тұрса, тек соны көреді. Сол үшін мәтіннің негізіне үңілмей, көп қателік жіберетіндігін айтты.

Ғалымдар бұл тест ЖИ әзірлеушілерге сұрақ-жауап жүйесіндегі алгоритмді жетілдіруге серпін болады, деп үміттенеді.

Айта кетейік, бүгінде әлемдегі ең алпауыт IT-компаниялар жасанды интеллект саласына баса назар аударып, миилиардтаған қаржыларын құюда.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!