ЖаңалықтарТаңдаулы1Технология

Қазақстанда барлық пойыздарда Wi-Fi қосылады

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz – «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма мүшесі Алмас Айтпаев Қазақстанның барлық жолаушылар пойызында Wi-Fi қызметін қолжетімді ету мәселесіне қатысты пікір білдірді.

«Қазіргі уақытта «Тұлпар-Тальгоның» бірнеше пойызында, атап айтқанда Алматы-Петропавл және Алматы-Астана бағыттарына Wi-Fi қызметі енгізілді. 2020-2022 жылдары өзге бағыттарға да енгізіледі», – деді Алмас Айтпаев Астанада өткен брифингте.

Сонымен бірге, А. Айтпаев барлық пойыздарды Wi-fi қызметімен қамту мәселесіне тоқталды.

«2020-2022 жылдарға дейін Қазақстан темір жолы барлық темір жол желісіне Wi-Fi жүйесін енгізуді жоспарлап отыр, сонда барлық пойыздарда Wi-Fi қолжетімді болады», – деді ол.

Tags

Осы айдарда

Close