Ұлттық банкте теңгенің әлсіреуіне қатысты түсініктеме берілді

Ұлттық
Фото: Tengrinews.kz

Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz — Ұлттық банк доллардың қымбаттауына байланысты валюталық интервенцияларды енгізуді жоспарламайды. Бұл туралы Үкіметте қаржы бақылаушысы төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов мәлімдеді.

«Қайда өсті? KASE-те, бүгін бе? Мен таңертеңнен бері осындамын. Менде тек ақпарат жоқ. Өзіңіз білетіндей, 2015 жылғы тамыздан бастап біз еркін өзгермелі айырбас бағамын енгіздік. Яғни, Ұлттық банк валюта нарығына араласпайды. Тек іргелі факторлар болған жағдайда ғана араласуы мүмкін. Егер ешқандай алып-сатарлық болмаса, Ұлттық банк араласпайды. Сондықтан, бәрі сұраныс пен ұсыныспен анықталады », — деді Алпысбай Ахметов.

Оның айтуынша, ҚР-дағы айырбас бағамы Қытай мен ЕАЭО елдеріндегі валюталық көрсеткіштерге байланысты.

«Егер Ұлттық банктің сайтына кірсеңіз, біз апта сайын дамушы нарықтардағы валюталардың құбылмалылығын жариялаймыз. Онда бразилиялық, мексикандық, түрік лирасында 4 пайыз ауытқу болғаны көрінеді. Демек, бұл девальвация емес, валюталық нарық, сұраныс пен ұсыныспен анықталған айырбас бағамының ауытқуы ғана», — деді ол.

Айта кетейік, KASE-ге сәйкес орташа бағам бір доллар үшін 324,62 теңгені құрады.