БАӘ-де Қазақстан туралы туристік анықтамалық әзірленді

туристік
Фото: Казинформ

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz — Біріккен Араб Әмірлігінің (БАӘ) азаматтары үшін Қазақстан туралы туристік нұсқаулық әзірленді. Бұл туралы Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед Ахмед әл-Джабер Астанадағы «Шипажай» үшінші халықаралық ғылыми-практикалық форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Елші Қазақстанның бүкіл әлемнен туристерді тартудың бірегей мүмкіндіктері көп екенін атап өтті.

«Қазақстан туристік көзқарас тұрғысынан үлкен тартымды ел болып есептеледі.  Қазақстан өзіндік табиғат көрінісімен, өзіндік мәдениетімен танымал, қонақжайлылығы, курорттық аймақтары, санаторийлері мен минералды бұлақтары арқасында бүкіл әлемнен туристерді тартады. Соның арқасында 2015 жылы БАӘ-нің азаматтары үшін Қазақстан біржақты тәртіпте визалық режимді енгізгендіктен, Біріккен Араб Әмірліктерінің туристер саны артты», — деді Мохаммад Ахмад Алжабер.

Сондай-ақ, елші БАӘ-нен туристерді Қазақстанға тартуға күш салып отырғанын айтты. Атап айтқанда, ол әлеуметтік желілерде Қазақстанның көрнекті жерлері туралы ақпараттарды жиі жариялап отырады.

«Елшілік БАӘ-нің тұрғындары үшін туристік анықтамалық әзірледі. Онда дәстүр, ұлттық тағамдар, қонақ үйлер, ауруханалар, туристік орындар, курорттар туралы қысқаша тарих қамтылған. Анықтамалық БАӘ-інде көптеген көшірмелермен шығарылып, үлестірме мәлімет ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ, Қазақстан медициналық туризмді дамыту үшін қажетті барлық мүмкіндіктерге ие, өйткені елдегі ең әдемі жерлерде көптеген курорттық аймақтар мен санаториялар бар», — деді елші.