Қазақстанда жаңа киім брендтері пайда болады

брендтері
Фото: zlotetarasy.pl

Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz — Поляк бөлшек сауда дүкендері Алматыда Reserved, Cropp, House, Mohito және Sinsay брендті киімдер дүкенін ашады, деп хабарлайды LS.

Жұмыс 2018 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Дүкендер Mall Аport-та ашылады.

«LPP өкілдерімен алғаш рет 2007 жылы Францияда Кандағы MAPIC кезінде кездескен болатынбыз. Алғашқы кездесуден кейін 11 жыл өтті. Флагмандық Reserved 2 мыңнан астам аумақты қамтитын болады. Ал, Cropp, House, Mohito және Sinsay жастар форматы – 400-650 шаршы метрден тұратын бутиктерде орналасады», — деді «Апорт» сауда орталығының атқарушы директоры Дмитрий Ревин.

Оның айтуынша, мұндай ірі жалға алушылармен жұмыс істеудегі ең қиын нәрсе — бұл Қазақстанның франчайзинг арқылы емес, тікелей бизнесті жүргізуге болатын дамыған ел екенін дәлелдеу. Сондай-ақ, 2 миллиондай халқы бар Алматы сияқты мегаполистің нарығына енуге көндіру. Өйткені дәл сол LPP Қазақстанмен қатар тұрғындарының саны бірнеше есе көп елдерді де қарастырады.

Ол түсіндіргендей, тікелей енген брендтер, әдетте, франчайзинг ұсынатын дүкендерге қарағанда, қолайлы бағалық ұсыныстарды ұсынады.