Ақтөбеде 2015 жылы құрылысқа көп көңіл бөлінбек

Ақтөбеде 2015 жылы құрылысқа көп көңіл бөлінбек

Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қорытынды есеп беру жиналысында жылына 12 мың тонна өнім өндіретін макарон фабрикасы мен үш мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы салынатындығын айтты.

Одан бөлек, облыста итальяндық инвесторлармен бірлесе отырып темірбетон шпалдарын өндіретін зауыт ашу жоспарда бар. Жуық арада ет комбинаты да салынатын болады. Жобаларға бөлінетін инвестициялардың жалпы көлемі осы жылы 46,3 млрд теңгені құрайды. 900 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

2015 жылы 110 км-ге жуық жолдарды жөндеуден өткізу мен қалпына келтіру жоспарда бар. Бұл үшін 4 миллиардтан артық қаражат бөлінеді. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы жалғасады. Жоспар бойынша осы жылы 466,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Тұрмысқа жайлы тұрғын үймен 5 мың отбасы қамтамасыз етіледі.

Ақпарат көзі: капитал.кз