Абайлаңыз, қаржы алаяқтары!

47
Ұлттық
Фото: steemit.com

Карантин кезінде көптеген банктер мен компаниялар қашықтан жұмыс істеуде. Қазақстандықтар көп жағдайда онлайн-төлемдер жасауда. Бұл жағдйды қаржылық алаяқтар пайдалануы мүмкін, олар жаңа коронавирус пандемиясы аясында жанданып отыр. Бұл туралы Fingramota.kz  ескертеді.

Халықтан қаражат ұрлауға арналған қандай алаяқтық схемалар бар?

№1. Медициналық маскалар мен дәрі-дәрмектер сататын банктердің және басқа ұйымдардың, интернет-дүкендер мен дәріханалардың фишинг сайттарын жасауы мүмкін. Сатып алушы төлем үшін картаның құпия деректерін енгізген сәтте ақшасы ұрланады. Немесе жоқ тауарды «сатады». Ақша төлейсіз, тауарыңыз келмейді.

№2. Алаяқтар өздерін қаржы ұйымының қызметкеріміз деп таныстыра отырып, алып-сатарлық мақсатта валюта сатып алу үшін төмен пайыздық мөлшерлемемен ірі сомаға кепілсіз кредиттер ресімдеуді ұсынуы және төтенше жағдайлар немесе карантин уақытында өсімпұлдар мен өтеу мерзімінің өтіп кету болмайды деп уәде беруі мүмкін. 

№3. Алаяқтар сондай-ақ жоғары өсім ұсынып, әлеуметтік желілерде жарнама науқанын іске қосуы немесе WhatsApp-та таратуы мүмкін. Жақында осындай қаржы пирамидаларының бірінің басшылары ұсталды.

№4. Кейбір елдерде алаяқтар коронавирус жөнінде ақпарат бар электрондық хаттар таратады, онда дербес деректерді енгізу немесе банк операцияларын жүргізу қажет болатын әртүрлі сілтемелер көрсетіледі. Осылайша, алаяқтар пайдаланушылардың жеке төлем деректерін алу үшін зиянды салынымдар алуды ұсынады. Мысалы, киберқылмыскерлер пайдаланушыларға инфекциямен күресу үшін қайырымдылық жасауды ұсынады және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хатын жібереді, сонымен қатар төлем карталарының деректерін алады. 

№5. Вишинг-алаяқтар қулыққа барады. Ауырып қалған туысқандардың сенгіштігін пайдалана отырып, онлайн-төлем арқылы түрлі медициналық қызметтерге ақы төлеуді ұсынуы мүмкін, бұл үшін олар телефон бойынша ашаны есептен шығаруға арналған мынадай ақпаратты талап етеді: ЖСН, картаның деректері, SMS-хабарламадан код. 

Алаяқтық тәсілдері мен түрлері өте көп, ең негізгісі мынадай бірнеше қарапайым қағидаларды сақтау керек:

1. Ешкімге ешқашан парольді, кодтарды немесе төлемдерді растау үшін пайдаланылатын өзге де конфиденциалды деректерді айтпаңыз. Қауіпсіздіктің заманауи жүйелері парольдар мен кодтарды басқа адамдарға берілмейтіндей етіп жасалады. 

2. URL-мекенжайларын тексеріңіз. Әсіресе бейтаныс жіберушілерден алынған сілтемелерді тексеріңіз. Алаяқтар көбінесе  жазылуы бойынша ұқсас доменді пайдаланады. 

3. Конфиденциалды ақпаратты, мысалы, пароль енгізуді қажет ететін сайтарда HTTPS:// префиксінің болуын тексеріңіз. 

4. Заманауи браузерлердің көбі көпшілік фишинг-шабуылдарға қарсы іс-қимыл тетіктерінен тұрады. Қауіп-қатер туралы браузердің хабарламасына назар аудару қажет.

5. Егер сіз өз банкіңіздің интернет-банкингі жүйесінде әсіресе төлемдер жасауға ниеттенсеңіз, ұйымның сайты немесе парақшасы фейк болып табылатын-табылмайтындығына күмәндансаңыз, осы ұйыммен байланысып, ақпаратты нақтылаңыз.  Дұрысы банкке хабарласып, ақпаратты нақтылаңыз. Банктік менеджерлер клиентке бірінші болып қоңырау шалмайды, сондықтан егер қоңырау шалып,  сіздің шотыңыздағы түсініксіз  транзакцияларды бұғаттау үшін SMS кодын сұраса, телефонмен сөйлесуді тоқтатып, қызметке көрсететін банкіңізге хабарласуды есте ұстаңыз. 

Қол қоятын барлық құжаттарды мұқият оқыңыз, көрсетілген деректердің дұрыстығын салыстырыңыз.