Адвокаттың өліміне байланысты Тоқтар Төлешовтің ісі тоқтатылды

Тоқтар Төлешовтің
Фото: tengrinews.kz

Шымкент. 26 тамыз. 7kun.kz — Оңтүстік Қазақстан облысында адвокаттар алқасының мүшесінің қайтыс болуына байланысты Тоқтар Төлешовтің ісі тоқтатылды. Бұл туралы істегі заңгерлердің бірі хабарлаған.

Басылымдардың мәліметінше, қазіргі уақытта жаңа адвокат келді. Ол осы іспен танысу үшін судьядан қылмыстық іс материалдарын сұрады. Айта кетейік, қылмыстық іс 200 томнан тұрады.

Сот жаңа адвокаттың өтінішін қанағаттандырды. Келесі сот отырысы 4 қыркүйекке белгіленді.

Еске салсақ, бұл шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовке қатысты өтіп жатқан екінші сот отырысы. Ол осыған дейін Астанада мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғаны үшін 21 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленген болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz