Air Astana әлемнің үздік әуе компанияларының рейтингінде 40 орында

Эйр Астана рейстеріне жатын орындар енгізілді

Ұлттық әуе тасымалдаушы Air Astana Skytrax зерттеу компаниясы жариялаған әлемнің үздік әуе компанияларының рейтингінде 40 орын алды.

2014 жылы Air Astana рейтингте 41 орында болған-тын, 2013 жылы — 42, 2012 жылы -53.

Рейтинг әлемнің 100 әуе компаниясынан тұрады. Бірінші ондықтағы қатысушылардың көбісі Азия және араб елдерінің әуе компаниялары. Осылайша, бірінші орынды Катардың Qatar Airways компаниясы иеленді, екінші орында – Singapore Airlines, үшінші орында – Гонконгтың Cathay Pacific Airways әуе тасымалдаушысы.

Air Astana-дан басқа, ТМД елдері әуе компанияларының ішінде рейтингте ресейлік әуе компаниялар — Аэрофлот (46 орын) және Трансаэро (68 орын).

Қазақстанға қатынайтын әуе компаниялары да рейтингте жоғарғы орындарда – Turkish Airlines – 4 орын, Etihad Airways – 6 орын, Asiana Airlines – 11 орын, Lufthansa – 12 орын, Австрия әуе желісі – 13 орын, KLM – 28 орын.