Экономика
Қайрат Келімбетов әлемдегі үздік орталық банк басшыларының тізіміне кірді
Global Finance журналы әлемдегі ең үздік орталық банк басшыларын атады деп хабарлайды GFMag.com.
Global Finance 1994 жылдан бері орталық банк басшыларының рейтингін құрады. ОБ басшылары инфляцияға бақылау жасау, экономикалық өсім табысы, валюта тұрақтылығы және пайыздық мөлшерлемесін басқарудағы табыстарына байланысты «A» мен «F» аралығындағы көрсеткіш бойынша арнайы тізімге құрылады. Қаржы мекеме төрағаларының үздік жұмыс өндірісіне "А" деген көрсеткіш бекітіледі. Ең үздік көрсеткішке Чех Республикасы, Еуропалық Орталық банк, Үндістан ОБ, Израиль, Малайзия, Парагвай, Перу, Филиппин және Тайвань орталық банкінің төрағалары ие болды. Колумбия, Сауд Арабия және АҚШ орталық банк басшылары "А-" рейтингісін иеленді. ҚР Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов "В-" деңгейіне орналасты, өткен жылы ол "С" көрсеткішінде болған еді. Азиялық елдер арасында Гонконг, Жапония, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Корея ұлттық банк басшылары жоғары бағаға ие болды.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





