АК-47 тарихы

12005
АК-47

Калашников автоматтары елуден астам елдің әскери құралдарының қатарында бар. Оны жасаған адам тарихта тек құрастырушы ретінде ғана емес, автомат атқыш қарудың үздік үлгісін жасаған адам ретінде де қалып отыр. Автоматты қолдану өте оңай, әрі сенімді қарулардың қатарында. Сондай-ақ, мұны толық қолданып үйрену үшін 10 сағат жеткілікті.

1943 жылы КСРО-да алғаш рет калибрі 7,62 мм болатын оқ-дәрі жасалды. Қуаты жағынан тапанша мен мылтықтың оғының арасында орын алды. Сәл кейінірек осы жаңа оқ-дәріге сәйкестендіріп, Мосин мылтығы мен ППШ, ППС тапаншаларының орнын басатындай жаңа қарудың өзі құрастырыла бастайды.

Осылайша, 1944 жылы КСРО-да жаңа автоматты құрастыру жұмыстары басталып кетеді.

 1945 жылы атқыш құрал жасауға бас тапсырыс беруші артиллериялық басқарма 1943 жылғы оқ дәрі үлгісіне лайықталып жасалатын жаңа автомат жасауға байқау жариялайды. Салмағының аса ауыр болмауы, жұмыс істеуде қиыншылық туындамауы секілді бірқатар шарттары бар еді. Нәтижесінде өзі қуатталатын карабині бар Симонов СКС пен Калашниковы автоматы жеңімпаз деп танылады. Бірақ біреуін ғана таңдау керек. Ойлана келе құрастырылуы жағынан оңай әрі арзан болады деп Калашников автоматы таңдалады.
6be7d55ef3792ba1217fc6df94601baa
Автоматтың көлемі аса үлкен емес әрі атуға ыңғайлы еді. Әскердің қажеттіліктеріне толық өтеп, мылтықтың да, қол пулеметінің де қызметін қатар атқара беретін.  АК-47 бір-бірлеп те, кезек-кезек те атылады.
Қарудың алғашқы үлгілері төмен сапалы штампталған оқпан қорапшада шығарылатын. Оны 1952 жылы металды машина арқылы өңдеу тәсілімен жасап бастайды. Бағасы қымбат әрі жасалуы күрделі болғандықтан, 1959 жылы осындай қорапшамен шығатын автоматтар «Жетілдірілген Калашников автоматтары» деген атаумен шығарыла бастады. Олардың салмағы жеңіл әрі шығыны аз еді.
АК негізінде осы уақытта Калашниковтың қол пулеметі (КҚП) де жасала бастаған. 1950 жылдары КСРО он сегізге жуық елге АК құрастыру лицензиясын береді. Аз мөлшерде шығарылатын, лицензиясы жоқ елдердің санында шек жоқ еді. 2009 жылы осыған дейін лицензия алған елдердің мерзімі бітіп кеткен. Бірақ әлі күнге дейін өндіріс жалғасуда. АК клондарын Азия, Африка, Таяу Шығыс пен Еуропада жасау кең етек жайған. Шамамен айтқанда, автоматтың әлемде 70-105 млн-ға жуық данасы бар.
1974 жылы АК-ның АК-74 деп аталатын жаңа модификациясы жасалды. Өндіріске 1976 жылдан бастап қосылған. Ішіне енген өзгеріс — кішкене колибр мен ату кезінде дәлдеуге көмектесетін оқпанның аузы.
Кейіннен АК-47 негізінде көптеген автоматтар жасалды. Қысқартылған, жетілдірілген бірнеше түрлері белгілі.

Бүгінде Калашников автоматтары әлемнің 106 елінде әскери құрал ретінде қосылған.

ff079b913b2e4decb4907938a6f0e308Бірнеше мемлекеттің рәміздерінде осы АК бейнесі де бар. Мысалы, Мозамбиктің туы мен елтаңбасында, Зимбабвенің елтаңбасында, Буркин-Фасоның елтаңбасында автомат бейнеленген.

АК ХХ ғасыр өнертабыстарындағы ең қажетті құрал деп танылған. Ендеше, атвоматқа қатысты қысқа да қызықты 7 дерек ұсынайық:

Автомат үшін Калашниковқа Сталин сыйлығы берілген

c8307bae397fa30fe5d20608aa2cbc52Михаил Калашников өз өнертабыстарын патенттемеген. Сол үшін де бай болмаған. Автоматты ойлап тапқаны үшін бірінші дәрежелі Сталин сыйлығы мен Қызыл жұлдыз орденін алады. Сыйақы құны — 150 мың рубль. Ол кезде бұл ақшаға он шақты «Победа» алуға болатын.

Автоматтың «қосарлы стандарты»

Ресей автоматының басты ерекшелігінің бірі — калибрі 5,56 мм болатын оқпен де, кеңестік үлгідегі 7,62 мм-лік оқпен де атуға болатын еді. Осы «қосарлы стандарты» автоматты әлемдік нарықта танымал еткен.

fb881db5813f63592edac9d6321dde82Автоматты қара базарда 10 долларға алуға болады

Ауғанстан қара базарларында 10 доллардан, Үндістанда 3,8 мың доллардан алуға болады екен. АҚШ-тағы бағасы 70-350 доллар шамасында.

Автоматты құрастыру АӘД сабақтарында міндеттелген

Кеңес кезінде әрбір мектеп оқушысы АК-47 автоматын құрастырып, шаша білетін. Оны АӘД сабақтарында үйрететін. Бестік баға алу үшін автоматты шашып-құрастыруға 18-30 секунд қана шығындау керек болған.

Саддам Хусейннің алтын автоматы

90c7639e9366495722889379c3e5e6c5Саддам Хусейннің алтын жалатылған бірнеше Калашников автоматтары болған. Ерекше еңбегі сіңгендерге диктатор сыйлық ретінде беретін деседі. 2003 жылдың сәуір айфнда америкалық әскерлер Бағдатқа кірген кезінде он шақты алтын автомат көрген. Хусейннің үлкен ұлы Удейдің сарайында «Саддам Хусейннен сыйлық» деген жазуы бар автомат табылған.

 Египетте автоматқа ескерткіш қойылған

Египетте, Синай түбегінің жағалауында Калашников автоматының ескерткіші қойылған. Израиль агрессиясын тоқтатқан негізгі қару ретінде осындай құрмет көрсетілген.

Африкада балаларына Калаш деген есім береді

Африканың кейбір елдерінде атақты автоматтың құрметіне балаларына Калаш деген есім қоятын көрінеді.