Бірнеше мемлекеттің рәміздерінде осы АК бейнесі де бар. Мысалы, Мозамбиктің туы мен елтаңбасында, Зимбабвенің елтаңбасында, Буркин-Фасоның елтаңбасында автомат бейнеленген.
АК ХХ ғасыр өнертабыстарындағы ең қажетті құрал деп танылған. Ендеше, атвоматқа қатысты қысқа да қызықты 7 дерек ұсынайық:
Калашников автоматтары елуден астам елдің әскери құралдарының қатарында бар. Оны жасаған адам тарихта тек құрастырушы ретінде ғана емес, автомат атқыш қарудың үздік үлгісін жасаған адам ретінде де қалып отыр. Автоматты қолдану өте оңай, әрі сенімді қарулардың қатарында. Сондай-ақ, мұны толық қолданып үйрену үшін 10 сағат жеткілікті.
Бірнеше мемлекеттің рәміздерінде осы АК бейнесі де бар. Мысалы, Мозамбиктің туы мен елтаңбасында, Зимбабвенің елтаңбасында, Буркин-Фасоның елтаңбасында автомат бейнеленген.
АК ХХ ғасыр өнертабыстарындағы ең қажетті құрал деп танылған. Ендеше, атвоматқа қатысты қысқа да қызықты 7 дерек ұсынайық:
Михаил Калашников өз өнертабыстарын патенттемеген. Сол үшін де бай болмаған. Автоматты ойлап тапқаны үшін бірінші дәрежелі Сталин сыйлығы мен Қызыл жұлдыз орденін алады. Сыйақы құны - 150 мың рубль. Ол кезде бұл ақшаға он шақты "Победа" алуға болатын.
Автоматтың "қосарлы стандарты"
Ресей автоматының басты ерекшелігінің бірі - калибрі 5,56 мм болатын оқпен де, кеңестік үлгідегі 7,62 мм-лік оқпен де атуға болатын еді. Осы "қосарлы стандарты" автоматты әлемдік нарықта танымал еткен.
Автоматты қара базарда 10 долларға алуға болады
Ауғанстан қара базарларында 10 доллардан, Үндістанда 3,8 мың доллардан алуға болады екен. АҚШ-тағы бағасы 70-350 доллар шамасында.
Автоматты құрастыру АӘД сабақтарында міндеттелген
Кеңес кезінде әрбір мектеп оқушысы АК-47 автоматын құрастырып, шаша білетін. Оны АӘД сабақтарында үйрететін. Бестік баға алу үшін автоматты шашып-құрастыруға 18-30 секунд қана шығындау керек болған.
Саддам Хусейннің алтын автоматы
Саддам Хусейннің алтын жалатылған бірнеше Калашников автоматтары болған. Ерекше еңбегі сіңгендерге диктатор сыйлық ретінде беретін деседі. 2003 жылдың сәуір айфнда америкалық әскерлер Бағдатқа кірген кезінде он шақты алтын автомат көрген. Хусейннің үлкен ұлы Удейдің сарайында "Саддам Хусейннен сыйлық" деген жазуы бар автомат табылған.
Египетте автоматқа ескерткіш қойылған
Египетте, Синай түбегінің жағалауында Калашников автоматының ескерткіші қойылған. Израиль агрессиясын тоқтатқан негізгі қару ретінде осындай құрмет көрсетілген.
Африкада балаларына Калаш деген есім береді
Африканың кейбір елдерінде атақты автоматтың құрметіне балаларына Калаш деген есім қоятын көрінеді.






