Алғаш рет ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірліктің ең ауқымды тексерісі басталды

????????????????????????????????????

Алғаш рет ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірліктің ең ауқымды тексерісі басталды. Толық жауынгерлік әзірлікке Қазақстанның бес облысы, яғни, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан әскери қызметшілерінің күштері келтірілді деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Мұндай ауқымды тексеріс ҚР Қарулы Күштерінде бірінші рет өткізіліп отыр. Пәрмен бойынша бір уақытта жоғарыда аталған облыстарда 10 000-ға жауық әскери қызметші, Құрлық әскерлерінің 20-дан астам бөлімшелері, 2 000-нан астам бірлік техника көтерілді, ал жөнелту үшін 17 эшелон тартылды.

Әскерлердің іс-қимыл барысын ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзаков бақылап отырды.

Олар Қапшағай қаласындағы «Берег» оқу-жаттығу орталығына барды, онда 4 000 әскери қызметші, шамамен 1 800 бірлік техника мен қару-жарақ, 10-нан астам батальон жеке құрамы шоғырландырылды.

Тексеріс нәтижесінде шартты заңсыз қарулы құралымдар оқшауланып, жойылады, оларға ведомствоаралық топтамалардың соққы күштерімен тойтарыс беріледі.

Мұндай тексеріс түрін өткізу әскерлердің далалық машығының деңгейін арттыру ісінде кезекті қадам болмақ. Дағдарыстық аудандарда бірлескен арнайы әскери операцияларды дайындау және жүргізуді пысықтау өзекті және қазіргі заманғы геосаяси өзгерістердің маңызды факторларымен қабылданған.