Алаяқтар қазақстандықтарды 24,6 млрд теңгеге алдады

алаяқтар

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Ішкі істер министрлігі алаяқтар қазақстандықтарға қанша залал келтіргенін айтты.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, биылғы жылы жеке тұлғалар 24,6 млрд теңгеге алданған.

«Бүгінгі таңда қазақстандықтарға 1,9 млрд теңге өтелді, ал 2018 жылы 16 млрд теңгеге жуық залал келтірілді, олардың барлығына өтемақы төленді», — деа қосты министрлікте.

Сондай-ақ, министрлік 2019 жылдың бес айында ішкі істер бөлімшелері 13,4 мың алаяқтық фактісін тіркеді. Ал, өткен жылы есепті кезеңде қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша 12,1 мың заңсыз іс-әрекеттер тіркелген.

«Аталмыш кезеңде 13 мың қазақстандық жәбірленуші деп танылды», — деп түйіндеді ведомствода.