Нью-Йорк қаласында әлемдегі ең қымбат метро бекеті ашылды

606
Фото: Wall Street Journal

Нью-Йорк қаласының Манхэттен ауданындағы  Дүниежүзілік сауда орталығында әлемдегі ең қымбат метро бекеті ашылды. Бұл туралы ТАСС хабарлады. 

Метро бекетін салу үшін 4 млрд доллар жұмсалған. Бұл бастапқыда есептелген сомадан екі есеге артық. Forbes журналының жазуынша, бұл әлемдегі ең рекордты қаржы жұмсалған бекет.

Шыныдан және бетоннан жасалған монументалды құрылымдардың архитекторы — испандық сәулетші-футурист Сантьяго Калатрава.

Жаңа көлік торабы 11 метро желісін, қала маңындағы темір жол бекеттері мен Battery Park паромын байланыстырады. Күніне 250 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетіледі деп күтілуде.