Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нью-Йорк қаласында әлемдегі ең қымбат метро бекеті ашылды

Нью-Йорк қаласында әлемдегі ең қымбат метро бекеті ашылды

Нью-Йорк қаласының Манхэттен ауданындағы  Дүниежүзілік сауда орталығында әлемдегі ең қымбат метро бекеті ашылды. Бұл туралы ТАСС хабарлады. 

Метро бекетін салу үшін 4 млрд доллар жұмсалған. Бұл бастапқыда есептелген сомадан екі есеге артық. Forbes журналының жазуынша, бұл әлемдегі ең рекордты қаржы жұмсалған бекет. Шыныдан және бетоннан жасалған монументалды құрылымдардың архитекторы - испандық сәулетші-футурист Сантьяго Калатрава. Жаңа көлік торабы 11 метро желісін, қала маңындағы темір жол бекеттері мен Battery Park паромын байланыстырады. Күніне 250 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетіледі деп күтілуде.

Похожие материалы