Alibaba Wanda Film кинотеатры операторының үлесін сатып алады

Wanda
Фото: chinafilminsider.com

Алматы. 6 ақпан. 7 kun.kz – Қытайдың интернет-алыбы Alibaba Group Holding Ltd. «Wanda» кинотеатр операторының 7,66 пайыз үлесін 4,68 млрд юаньға (744 млн доллар) сатып алу туралы келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан агенттігі.

Қытай Халық Республикасының үкіметімен бақыланатын Beijing Cultural Investment Holdings қоры да 3,12 млрд юаньға компанияның 5,11 пайыз үлесіне ие болады.

Бұл келісім Alibaba-ны Wanda Film компаниясының көлемі жағынан екінші ірі акционері етеді. 2020 жылға қарай қытайлық кинонарық жыл сайынғы кассалық жиналым бойынша әлемде ең үлкені болады деп күтіледі.