Алма-ТВ-дің таза кірісі шамамен 37 есеге төмендеді

2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында кабельді телевизия операторы «АЛМА- ТВ-дің» таза кірісі 51,2 млн теңге болды. Ал өткен жылы бұл уақыттағы көрсеткіш 1,88 млрд теңге болатын. Осылайша, табыс шамамен 37 есеге дейін төмендеген, деп хабарлайды lsm.kz.

2015 жылдың 9 айы ішінде оператордың салық салынғанға дейінгі табысы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,5 есеге қысқарып, 532,8 млн теңге болды. Ал есепті кезеңдегі жалпы пайда 2,4%-ға төмендеп, 3,5 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ «Алма-ТВ-дің» түсімі, керісінше, 28%-ға артып, 9,55 млрд теңге болды.

Опеатордың активтері 9 ай ішінде 3,7%-ға көтеріліп, 60,6 млрд теңгені құрады. Ал меншікті капиталы 52,7 млрд теңгеге дейін өсті.

2015 жылдың І жартыжылдығында «Алма-ТВ-дің» таза табысы 2014 жылдың І жартыдылдығындағы табысынан 2,9 есеге азайып, 432,7 млн теңге болды.

Фото:vlast.kz