Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — TAV Airports әуежайларының операторы Алматы халықаралық әуежайының басшылығымен қазақстандық әуе айлағын сатып алу жөніндегі мәмілені талқылап жатыр.
Сондай-ақ талқылауға VPE Capital басқарушы компаниясы да қатысады.
Groupe ADP мәліметіне сәйкес (TAV әуежайларының 46,16%-на иелік етеді), келер апта немесе айларда келісімге қол жеткізуге болады.
«Қазақстанның қаржы орталығындағы Алматы халықаралық әуежайы — Орталық Азиядағы ең ірі әуежай. 2018 жылы ол 6 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсетті, бұл ретте жолаушылар ағынының жартысы халықаралық бағыттарға тиесілі. Қазақстан — теңізге шыға алмайтын әлемдегі ең үлкен ел, ол өңірдегі экономикалық өсімнің драйвері және Орталық Азияның ЖІӨ-нің 60%-ын қамтамасыз етеді. Бұл әуежайды сатып алу Groupe ADP және TAV Airports даму стратегиясына сай келеді», – деп мәлімдеді Groupe ADP.