Алматы. 25 тамыз. 7kun.kz - Алматы облысында құлаған ұшақтың ішінде пилот пен ұшақ иесінен басқа тағы бір турист болған. Бұл туралы аудандық аурухананың бас дəрігері хабарлады.
Ринат Мұратбаевтың айтуынша, жарақат алған екінші адамның бір аяғы сынған.
«Бірақ жарақаттанған азамат аудандық аурухананың көмегіне жүгінбеді. Оған өзінің жеке дəрігерлері алғашқы көмекті көрсеткен. Науқасқа жеке ұшақ шақыртылып, оны жедел түрде Алматыға алып кеткен», - деді аудандық аурухананың бас дəрігері.
Естеріңізге салсақ, бүгін сағат он бір шамасында Жиделі ауылдық округінің маңына ұшақ құлап, бір адам мерт болды. Ал екінші адам аурухана жеткізілген.
Дереккөз: inform.kz
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





