Алматы қаласының бюджеті 80 млрд теңгені құрады

Фото: voxpopuli.kz

Алматы қаласы маслихатының 51 сессиясында қаланың 2016 жылға арналған бюджеті нақтыланып, 80 млрд теңгені құрады. Республика бюджетінен қосымша 58 млрд теңге бөлінді және мегаполисті дамытуға 21 млрд теңге бөлінбек, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Аталған қаржының 17,6 млрд теңгесі — Универсиада аясында салынатын жобалар құрылысына, 2,4 млрд — дәрілік препараттарды қамтамасыз етуге және медициналық көмек көрсетуге, 4 млрд — ауыл шаруашылық техникалары мен агроөндіріс кешенін субсидиялауға, 2,2 млрд — экономиканы тұрақтандыруға және жергілікті бюджет шығынын компенсациялауға, 438 млн теңге — орта және шағын бизнесті қолдауға бағытталады», — деді қаланың экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының жетекшісі Мақсат Қиқымов.

Мақсат Қиқымовтың сөзінше, қолжетімді баспана құрылысына 56 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Сондай-ақ, қала бюджетінен мегаполисті көгалдандыру мен инфрақұрылымды жақсарту мақсатында 15 жобаға қаржы бөлінеді. Жедел жәрдем автокөліктерін қоса есептегенде 168 коммуналдық транспорт бірліктерін газға ауыстыру үшін 111 млн теңге бөлу қарастырылған.