Алматыда 57 интернет саудагер табыс салығынан босатылды

Алматыда
Фото: ura-inform.com

Алматы. 29 қазан. 7kun.kz – Бүгінгі таңда Алматыда электронды сауда саласында жұмыс істейтін 57 кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде 27 заңды тұлға және 30 жеке кәсіпкер, — деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгінде Алматыда 57 кәсіпкер интернет саудасымен айналысатын кәсіпкер ретінде тіркелген. Алматыда 27 заңды тұлға, 30 жеке кәсіпкер электроника, киім, аяқ киім тағы басқа халық тұтынатын тауарларды интернет кеңістігінде сатумен айналысады.

«2018 жылдан бастап Жаңа салық кодексіне сәйкес электронды саудамен айналысатын кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жеңілдіктер интернет саудадан түскен табыс кәсіпкердің барлық табысының 90%-ын құраған жағдайда ғана беріледі»,- деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер департаменті.

Төмендегі талаптардың барлығы бар болған жағдайда кәсіпкер салық органдарына тіркелуге міндетті болады. Олар:

— төлем тек қана карточкамен жүруі керек;

— сатып алушымен мәміле электронды түрде жасалуы қажет;

— сатушының өзінің жеткізу қызметі болуы шарт.