Алматыда хиджаб киген әйел қызымен бірге ұрлық жасап жүрген – видео

Алматы. 29 шілде. 7kun.kz – Алматыда қызымен бірге балалар арбасын ұрлап жүрген жас келіншек ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ол Жамбыл облысының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Полицейлер оның тұрғын үйлердің кіреберістерінен балалар арбасы мен сәбилерге арналған велосипедтерін ұрлап жүргенін анықтады.

«Әйел бейнебақылау камераларынан, сондай-ақ, көзінше бірнеше рет қылмыс жасаған кішкентай қызынан ұялмады. Қазір А.есімді азаматшаның бөтеннің мүлкін ұрлаудың 8 дерегіне қатысы бар екендігі дәлелденді. Мүмкін эпизодтардың тізімі мұнымен бітпеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, – деді Бостандық аудандық ПБ бастығы Думан Аухадиев.

Қазір ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.