Алматыда инвесторларға арналған сайт ашылады

инвестор
Фото: forbes.kz

Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz — Алматыда инвесторларға арналған investinalmaty.org сайты іске қосылды. Ол жерден инвесторлар мегаполистің инвестициялық әлеуеті туралы қажетті ақпаратты ала алады. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Барлық деректер ағылшын тілінде берілген, сондай-ақ олар «why», «what», «how», «assistance», «events» және «register» секілді 6 бөлімге бөлінген.

Порталда әлеуетті және белсенді инвесторларға сауда, қызмет көрсету, тамақ өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, логистика және т.б. салаларды инвестициялау жолдары болатынын көрсетіледі.

Одан бөлек, инвесторлар Алматының жұмысы туралы пікірі мен ұсыныстарын қалдыра алады. Сонымен қатар, сайтта инвесторлар кеңесін, инвестициялық форум және басқа да іс-шараларды онлайн режимде өткізу жоспарланып отыр.