Алматыда көпқабатты пәтерде жарылыс болды. Зардап шеккендер бар

жарылыс
Фото: inform.kz

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz — Алматыда көпқабатты пәтерде газ қоспасы жарылып, екі адамды күйік шалды. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, жарылыс таңғы 8:00-де Бостандық ауданындағы Орбита-4 шағын ауданы №11 бес қабатты үйде болған. Төртінші қабаттағы пәтерде газ ауа қоспасы жарылып, 80 жастағы әйелді күйік шалды. Қазір әйел ауыр жағдайда Орталық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Сондай-ақ, төтенше жағдайдан 45 жастағы ер адам жапа шекті. Ол №4 ауруханаға жеткізілді.

Жарылыс салдарынан пәтердің есіктері мен терезелері сынып, жиһаздар бүлінді.