Алматыда қойма өртеніп жатыр

базарында

Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz – Алматы қаласында «Мизам» базары маңындағы қойма өртенді. Бұл туралы Қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше Солтүстік айналма жолының бойында орналасқан қойма отқа оранған.

Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамның 70 адамы, 20 техника, құтқару қызметінің екі тікұшағы жұмылдырылған.

ТЖД хабарлауынша бұған дейін бірқатар БАҚ жазғандай өртеніп жатқан аумақ Мизам базары емес.