Алматы. 18 шілде. 7kun.kz — Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Tesla Motors өкілдерімен кездесті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің сайтында хабарланды.
Кездесу барысында тараптар сервис орталығын ашу, Tesla Motors шоурумын және мегаполисте электр автомобильдерінің зарядтау станциясының инфрақұрылымын салу мәселелерін талқылады.
"Бүгінгі таңда Алматыда 107 электроавто тіркелген, олардың 67-сі әртүрлі үлгідегі Tesla маркалы электр көлігі", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Tesla компаниясы 2003 жылы АҚШ-та құрылған (Санта Клара, Калифорния). Негізін қалаушылар - Илон Маск, Мартин Эберхард, Джефри Брайан. 2019 жылдың І жартыжылдығында 150 мыңнан астам машина өндірілді. Бүгінгі таңда өндіріс көлемі аптасына 7 мыңнан астам электромобильге жетеді.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





